Бүгін Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана ғимаратында Конституция күніне орай мерекелік шара болып өтті.
Аталмыш шараға «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Әбдірахманов қатысып, мүмкіндігі шектеулі жандарға әрдайым көмек көрсетіп, қолдау білдіріп жүрген бірқатар демеуші азаматтарға алғыс білдіріп, марапаттады. Құрмет көрсетілген азаматтардың қатарында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек қажы Ұласқанұлы да бар.
«Сізді шын жүректен 30 тамыз Конституция күнімен құттықтаймын!
Ата Заңымыздың айбынын асқақтатып, Елбасы саясаты мен партияның стратегиялық бағыттарын жүзеге асыруда қолдау көрсетудесіз.
Осынау мемлекеттік мерекеде партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында өткізіліп жатқан сайыста мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдап, демеушілік жасағаныңыз үшін «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы атынан шынайы алғысымды білдіре отырып, деніңізге саулық, еңбегіңізге табыс, шаңырағыңызға құт-береке тілеймін!»,-делінген алғыс хатта.
Зағип жандар қоғамындағы «Нұр Отан» партиясы, «Сәуле» бастауыш ұйымы оқу-өндірістік кәсіпорны жанынан құрылған бастауыш ұйымның төрағасы Ж.Тәжібаев:
Пікірлер