ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тапсырмасына сәйкес, өңірлік мешіттердегі діни қызметтерді жандандыру жұмыстары басты назарға алынып, үнемі қарқынды дамып отыруы тиіс.
Осыған орай, бүгін, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітіндегі облыстық діни кітапханада облысқа қарасты аудан имамдарының жиыны өтті.
Жиын барысында аудан имамдары өздеріне қарасты аудан және ауыл мешіттеріндегі ахуалды баяндап, түрлі түйткілдерді шешуге қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы атқарылуы керек бірқатар мәселелерді алға тартып, аудан және оларға қарасты ауыл мешіттеріндегі діни ахуал тұрақтылығын сақтау мен мешіт қызметтерін жандандыруға, білікті кадрларды дайындауға және шақыртуға байланысты жоспарларымен бөлісті.
Жиын соңында, өкіл имам мешіттердегі сауат ашу курстарының жүйелі өтуін, мешіт жұмыстары мен құжаттарын реттеп, біріздендірілуін, "Уақып" Қазақстандық қоры", ҚМДБ "Зекет қоры" жұмыстарының насихатталуын және қызметкерлердің өз жұмыстарын жауапкершілікпен атқаруын жіті қадағалауды тапсырды.
Пікірлер