
Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжіне 2018-2019 оқу жылына жаңадан шәкірт қабылдау емтиханы жүргізіліп аяқталды. Аталмыш колледжге оқуға түсуге биылғы жылы барлығы 15 талапкер өтініш беріп, құжаттарын тапсырған. Олардың 10-ы Павлодар облысынан, 2-і Қарағанды облысынан, 1-і Солтүстік Қазақстан облысынан,1-і Шығыс Қазақстан облысынан, 1-і Ақмола облысынан.
Осы дүйсембі күні ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Аманқұлов Хасан, облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Елбек Қожамұратов, «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінің директоры Серікбол Аршабаев, «Әбу Бәкір Сыддық» медресе колледжінің ұстазы Е.Шырынхандардың қатысуымен өткен қабылдау комиссиясы үміткерлерді тест жүйесі бойынша Қазақстан тарихы, қазақ тілі пәндері сондай-ақ аранай пәндерден үміткерлер арасына сұхбат емтиханнан өткізді. Емтихан нәтижесі бойынша үміткерлер түгелдей медресе-колледжіне оқуға қабылданды.
Пікірлер