
Жаңа оқу жылына орай бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінде «Мектепке жол» акциясы өтті.
Жыл сайын Астана мешіттері жанашыр азаматтардың қолдауымен 800-ге жуық оқушыны мектепке дайындайды. Қала мешіттеріндегі «Мектепке жол» акциясы биыл «Нұр Астана» орталық мешітінен бастау алды. Дәстүрлі шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Мұқанов Асқар Әбітайұлы, «Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ басшы Аташев Айбек Асқарбекұлы қатысып, жиналғандарды келе жатқан білім күнімен құттықтады.
Айбек Асқарбекұлы да іс-шараның мешіттердің атқарып отырған игілікті шарасына ризашылығын білдіріп алғысын айтты.
«Астана қаласындағы мешіттерінің атқарып отырған игі шарасы қоғам үшін қосылып жатқан үлес, ата-аналарға жасалған жақсылық, балалар үшін қуаныш деп ойлаймын. Діни бірлестіктер ішінде осындай салихалы бастамалар ұйымдастырып отырған дін қызметкерлеріне тек қана алғыстан басқа айтарымыз жоқ», - деді Айбек Аташев мырза.
«Нұр Астана» орталық мешітінен бастау алған игі шара қаладағы басқа да мешіттерде өз жалғасын тауып, алдағы уақытта қала бойынша жалпы саны 1200-ден астам баланы қамтамасыз ету жоспарлануда.
Пікірлер