
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйытқы болуымен еліміздің жер-жерінде «Мектепке жол» қайрымдылық шаралары ұйымдастырылуда. Кезекті игі шараның бірі Маңғыстау облыстық орталық мешітінде болып өтті. Қайрымдылық шарасында 500-ге жуық балаға мектеп сөмкелері таратылды.
«Уақып қоры» корпоративтік қайырымдылық қоры мен Маңғыстау облысына қарасты бірнеше мешіттердің ұйымдастыруымен өткен игі шарада әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, жалғыз басты аналар, көп балалы аналардың мектеп жасындағы балаларына оқу құралдары салынған сөмкелер үлестірілді.
Жылдағы үрдіске айналған игі шарада сөз алған облыстық орталық мешітінің наиб имамы Асқар Ахлиддин қажылық сапарында жүрген өкіл имам Смайыл Сейтбековтің ыстық ықыласын жеткізіп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
Пікірлер