
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры бірлесе отырып жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол», «Мектеп сөмкесі» атты қайырымдылық акциясын өткізді.
Шарада сөз алған ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай Қыдырбайұлы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің бастамасымен қолға алынып отырған игі шараға қолдау білдірген барша азаматтарға алғысын білдіріп, жетістіктер тілеп, оқушыларымызға оқуда озат болуға шақырып, ақ бата берді:
«Дінімізде білім алуды әрбір адамзатқа парыз еткен. Сондықтан да талмай білім алуға, ата-анаға мейірімді болуға, ұстаздарыңды құрмет тұтуға, оқуда озат болуларыңа тілектеспін», — деді Бас имам.
Айтулы шара аясында көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен 360-қа жуық оқушыға мектеп сөмкесі, мектеп формасы, оқу-құралдары т.б. керек-жарақ заттары үлестірілді.
Жалпы, «Мектепке жол», «Мектеп сөмкесі» қайырымдылық акциясы барысында Шымкент қаласы бойынша 1560 оқушыға көмек берілді.
Пікірлер