Қызылорда қалалық «Ерназар Мақсұм» мешітінің ұйымдастыруымен Құрбан айт мерекесінің құрметіне орай облыстық Құран жарысы өтті.
ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі өкілі Болатбек Ұласқанұлы төрелік еткен бәйгеде жүйріктер «Құран Кәрімді мәнерлеп оқу», «Құран Кәрімнің 1 парасын жатқа оқу» және «Құран Кәрімнің 10 парасын жатқа оқу» номинациялары бойынша жүлдені бөлісіп алды.
«Құран Кәрімді мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша:
І-орын – Тұрсынов Қожахмет (50 000 тг)
ІІ-орын – Алмағанбетов Рүстем (30 000 тг)
ІІІ-орын – Көптілеуұлы Нұрмұхаммед (20 000 тг)
«Құран Кәрімнің 1 парасын жатқа оқу» номинациясы бойынша:
І-орын – Қуанышұлы Дәулет (70 000 тг)
ІІ-орын – Жүнісов Бекарыс (50 000 тг)
ІІІ-орын – Шарапов Нұрдәулет (30 000 тг)
«Құран Кәрімнің 10 парасын жатқа оқу» номинациясы бойынша:
І-орын – Жүсіпұлы Бекзат (100 000 тг)
ІІ-орын – Жүнісов Азамат (70 000 тг)
ІІІ-орын – Зайтжан Сержан (50 000 тг) жүлделі орын алған жеңімпаздар сертификаттармен және қаржылай сыйақылармен марапатталды.
Пікірлер