Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Өскеменде 300 отбасыға құрбан еті үлестірілді (ФОТО)
23 тамыз, 2018 жыл 137 Басып шығару нұсқасы

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде ұлық мейрам Құрбан айттың соңғы күні құрбан еті таратылды.

«Қайырымдылық-қадірлі іс» атты айтулы акцияда Өскемен қаласында тұратын көп балалы, тұрмысы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар қамтылды.

Қайырымдылық шарасы барысында 300 отбасыға құрбан еті үлестірілді.

«Жеке отбасылардан бөлек, «Хоспис» қарттар үйіне мешіт тарапынан арнайы құрбан шалынып, азық-түлік және өзге де қажетті заттар жеткізіп берудеміз»,- деді  ұйымдастырушылар.

Көмек алған отбасылар облыстық мешітке алғыстарын білдірді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары