Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«ЖӘРДЕМ» ҚОРЫ ҚАСИЕТТІ ҚҰРБАН АЙТТА БҮЛДІРШІНДЕРГЕ СЫЙЛЫҚ ЖАСАДЫ
23 тамыз, 2018 жыл 119 Басып шығару нұсқасы

«Таугүл-3» мешітінің қызметкерлері «Жанұя» балалар үйіне барып балғындарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Мешіт жанындағы «Жәрдем» қоры қамкөңіл балаларға дастархан жайып, түрлі ойыншықтар тарту етіп, балаларға базарлық жасады.

Тәрбиеші аналар мешіт тарапынан жасалып жатқан бұл шара бүлдіршіндердің өміріне елеулі ықпал жасап, жүректеріне имандылық нұрын ұялататынына сенім білдірді.

«Мешіт қызметкерлерінің бүлдіршіндерге жиіп келіп, балалардың көңілін аулауы өте маңызды. Өйткені балалардың мешітке, имандылыққа деген көзқарасы қалыптасады. Бұл қуанарлық жағдай. Осындай     қасиетті мереке күні тіліген жақсы тілектеріңіз қабыл болсын»,-деді  «Жанұя» балалар үйінің жетекшісі Ләззат Құлсарина.

«Жанұя» балалар үйінде ой-өрісінің дамуында ахаулығы бар, асқынған созылмалы ауруымен ауыратын 506 бала, оның 88-і ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балалар тәрбиеленуде.

Сондай-ақ, бүлдіршіндер дінқызметкерлерімен бірге естелік суретке түсіріп алуды да ұмытпады. Құрбан айт мейрамында арнайы келген жандарға балғындар да, тәрбиешілерде алғыстарын жаудырып, ризашылықтарын білдірді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары