Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Наиб мүфти Түркістан облысында айт намазын жүргізді (ФОТО)
21 тамыз, 2018 жыл 129 Басып шығару нұсқасы

Бүгін, Түркістан облысы Түркістан қаласындағы Діни басқарманың кеңсе ғимараты жанындағы «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінде  ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Айт намазын жүргізді.

Наурызбай қажы Тағанұлы жамағатқа уағыз айтып, ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Түркістан облысының жамағатына жолдаған құттықтауын жеткізді.

Айт намазынан кейін, Түркістан өңірінде бақилық болған барша қазақтың хандары мен би-шешендеріне, ғалым-ойшылдарына, баһадүр-батырларына т.б. ардақты тұлғалардың рухына Құран хатым тіләует етіп, бата жасалды.

Мешіт ауласында дін мен дәстүрімізді дәріптеу негізінде қазақи ұлттық ойын түрлерінен сайыстар ұйымдастырылып, жарыс жеңімпаздарына бағалы сый-сияпаттар табыс етілді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары