Облыстық мешітте жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша еліміздегі «Мектепке жол» акциясы аясында «Мектеп сөмкесі» қайрымдылық шарасы болып өтті. Қайырымдылық шарасының жүзеге асуына «Уақып» қоры, облыстық мешіттің демеушілері, кәсіпкерлер өздерінің үлесін қосты.
Шараны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет ашты.
Үстіміздегі жылы жаңа оқу жылы алдында облыс бойынша мешіттерде 400 ден аса оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар және киім-кешек берілді.
Аталмыш жүздесуде бас имам өздерінің демеушілігімен көзге түскен бірқатар азаматтардың аты-жөндерін атап, оларға шынайы лебіздерін білдірді.
Ерекше қуанышқа бөленген ұл балалардың бірі Нұрасыл Исламбек:
«Мен биыл Қостанай шаһарындағы №9 орта мектептің 5 сыныбына барамын. Бір үйде он баламыз. Маған сөмке тапсырылды. Бүгін бізді мешітте жинап, өздерінің қамқорлығы мен шынайы ықыластарын танытқан жандарға шексіз ризамыз",- деді.
Пікірлер