
Асыл дініміздің басты мерекелерінің бірі Құрбан айт Ақтөбе қалалық орталық мешітінде аталып өтілді. Шараға облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы, өкіл имам Төлеби Оспан және қала әкімі Ілияс Испанов арнайы қатысты. Барша мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Мешіттің Бас имамы Амантай Садиев уағыз-насихат айтып, құрбандықтың қадір-қасиетіне тоқталды.
Мешіт ауласында құрылған киіз үйде халық дәмнен ауыз тиді. Сондай-ақ, балаларға арнайы аттракциондар орнатылып, балмұздақ-тәттілер, шырындар таратылды. Кешке арнайы анимациялық топ шақырылып, олар балғындармен бірге асыр салып, бала көңілдерін мәз-мәйрам етті.
Жамағат арасында арқан тартыс, қол күрес, гір көтеруден сайыс ұйымдастырылып, жеңімпаздарға мешіт ұжымы атынан арнайы сый-сияпат табыс етілді.
Мереке «Қабақ баба» мешітінде де ұлттық нақышта тойланды.
Пікірлер