Маңғыстаулықтар Құрбан айт мерекесін атап өтуде. Обылсқа қарасты мешіттерде айт намазы оқылып айтулы мерекені құрбандық шалумен бастады. Облыстық орталық мешіт ауласына үш киіз үй тігіліп, айттық дастарханы жайылды.
Облыс әкімі Ералы Лұқпанұлы арнайы келіп, жамағатпен жүздесіп, құрбан шалып, айттық дастарханында болды.
Игі шара ұлттық спорт ойындарымен жалғасын тапты. Мешітке келушілер қазақ күресі, асық ату, қошқар көтеру, арқан тарту, кір тасын көтеру сынды ойындардан сынға түсті. Облыстық орталық мешіт тарапынан арнайы сыйлықтар әзірленіп орынға ие болған жамағаттарға табыс етілді. Айт мерекесі толықтай жергілікті «Man'g'ystay'» телеарнасы ақылы көрсетілетін болады.
Айттық дастарханында болып, ұлттық ойындарды тамашалаған жамағат мешіт ұжымына алғыстарын айтып тарқасты.
Пікірлер