
Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні Маңғыстау облыстық орталық мешітінде балаларға арналған мерекелік шара болып өтті. Облыстық «Әйелдер-қыздар» секторы ұйымдастырған игі шарада бүлдіршіндерге арнап ақ дастархан жайылды.
Балалар білімдерін сынауда сынға түсіп, үздіктер анықталды. Арнайы сұрақтар қойылып оқ бойы озық шыққандарға арнайы сыйлықтар табыс етілді. Балаларға арналған ойындар ұйымдастырылып, ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Пікірлер