
Бүгін Қазақстан қажылары арапат аймағында жамағат болып еліміздің игілігі мен бірлігі, берекесі мен жақсылығы үшін дұға жасауда.
Арапатта тұру - қажылық парыздарының бірі. Өйткені, пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) бір хадисінде: "Қажылық - арапат", - деген.
Қажылық миссиясының өкілдері отандастарымызға дұға жасаудың əдептерін үйретіп, арапаттың артықшылығы жайлы уағыз айтуда.
Бүгін кешке қажыларымыз Мұздалифа жазығына жолға шығады.
Пікірлер