Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ БРИФИНГ ӨТТІ
20 тамыз, 2018 жыл 164 Басып шығару нұсқасы

Ислам күнтізбесіндегі айшықты оқиға – Құрбан айт біздің елімізде де мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіледі. Көкшетау қаласындағы Науан хазірет мешітінің мәжіліс залында ҚМДБ-ының Ақмола облысындағы өкілі, облыстық Науан хазрет  мешітінің бас имамы Қуаныш Сәбиттің қатысуымен  журналистерге арналған брифинг болып өтті.

Өкіл имам  осы шараға қатысып отырған журналистер қауымын алдағы қасиетті мерекемен құттықтап, елдің амандығына дұға тіледі.

Одан әрі Құрбан айтты ыждаһатпен атап өтудің бағдарламасы жайлы өз ойын ұштады. Құрбан айт мерекесінің тарихын қозғап, тағылымына да жан-жақты тоқталды. Бұл мереке күндері әр мұсылманға жағдайы келсе қажылыққа барып, құрбан шалу міндет етіледі. Осы арқылы өз Жаратушысына жақындап, оның ризалығын алады.

Айт күндері шалынатын құбандық мәселесіне де кеңінен тоқталды. Әр елді мекендегі мешіттер бұл рәсімді орындау үшін алдын ала дайындық жасады. Ал, облыс орталығында құрбандық шалу «Бижан» және «Әз» мал базарларында ұйымдастырылатын болады.

Мешітке қайырымдылық негізде берілген құрбандық малы еттері де аз қамтылған отбасыларға таратылады. Бұдан басқа ізгілік шаралары да көптеп ұйымдастырылады. «Мектеп сөмкесі» акциясы аясында бірнеше жүз бүлдіршін оқу құралдарын алатын болады.

Өкіл имам мешіт пен «Зекет» қоры өкілдігінің бастамасымен осымен екінші пәтер қайырымдылық негізде өз иесіне жол табатынын атап көрсетті.

Кездесу  соңында  Қуаныш Сәбит журналистердің әрқилы сауалдарына жауап берді.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары