
Құрбан айт мерекесі қарсаңында «Орал облыстық орталық мешітінде» қасапшыларға арналған «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» атты семинар жүргізілді.
Орал орталық мешітінің азаншысы, әрі ҚМДБ «Халал даму» ЖШС-ның БҚО бойынша өкілі Асхат Асылбеков қатысты.
Асхат Асылбекұлы мал союдың өзіндік мәдениеті, талап-шарттары мен ережелері болатынын айтып, қасапшыларға өз міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарауды тапсырды. Қала әкімдігі осыған орай мал союға арнайы нысандар белгіледі. Айтулы күндері құрбандық малдарын шариғи шарттарын сақтай отырып союға мән берілуі керектігін жеткізді.
Шариғи үкімдер жан-жақты тарқатылған семинардан тәлім алған қасапшылар өкілдік ұйымдастырған шараға ризашылық білдірісіп, құрбан шалу барысында семинардан үйренген сабақтарын іске асыратындықтарын жеткізді.
Пікірлер