Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Біліктілігін арттыру курсын оқыған 100 имамға сертификат табысталды
20 тамыз, 2018 жыл 158 Басып шығару нұсқасы

Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің «Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында Жамбыл облысы имамдарының біліктілігін арттыру курстарын оқыту» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде 6-18 тамыз аралығында Тараз қаласы мен аудандардан жалпы саны 100 имам өз біліктіліктерін арттыру курсын оқыған болатын.

Имамдар облыстық «Һибатулла Тарази» медресесінде барлығы 84 сағаттық оқу бағдарламасын 2 аптада меңгеріп шықты. Осыған байланысты бүгін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында Жамбыл облысы имамдарының біліктілігін арттыру курсының 84 академиялық сағатын толық бітіргенін растайтын сертификат табыстау рәсімі өтті.

Шараға «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің басшысы К.Джумекеева, «Жаңа-ру» жастар коалициясының президенті А.Лесбек, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры Қ.Құрманбаев, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Д.Жұмабаев, қатысты.

Имамдарға Қазіргі таңдағы хадистану мәселелері, Матуриди ақидасы, Мұсылманның құқықтық негіздері, Қазіргі таңдағы талас-тартыс мәселелері, Қазіргі таңдағы ақида мәселелері, Конфликтология, Дағуат негіздері мен тәсілдері, Қазіргі таңдағы фиқһ мәселелері, Дін психологиясы, Террология, Дін туралы мемлекеттік аңдар және реторика  пәндері бойынша терең білім алды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары