
Мекке қаласына парызын өтеуге келген 3000 қажы қасиетті шаһардың іргесіндегі Мина жазығына орналасты.
Қазақстан Қажылық миссиясының жанындағы Уағыз-насихат тобы отандастарымызға қажылық əдептері мен дұға жасаудың маңыздылығы жайлы уағыз айтуда. Сонымен қатар арапа күнінің мəні мен маңызы жайлы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.
Қажылық миссиясының өкілдері шатырларды аралап, қажылардың жағдайымен танысуда.
Наиб мүфти, Қажылық миссиясының төрағасы Бауыржан қажы Əбдірашұлы, Уағыз-насихат тобының жетекшісі Ермек қажы Мұқатай, т.б. тұлғалар арапа күнінің артықшылығы жайлы уағыз айтып, елдің игілігі мен бірлігі үшін дұға жасады.
Дəрігердер тобы да жерлестеріміздің денсаулығын жіті бақылауда. Əр фирмаға бөлінген дəрігерлер Қазақстан азаматтарына алғашқы медициналық көмек көрсетуде.
Айта кетейік, Мекке мен Мəдина қаласында алғашқы медициналық көмек көрсету орталықтары ашылды. Орталық отандық дəрілермен қамтамасыз етілген.
Пікірлер