ҚМДБ Аппарат басшысы, Қазақстан Қажылық миссия төрағасының орынбасары Ғылымбек Мəжиев бастаған мүфтият қызметкерлері Мекке қаласында қажылар орналасқан қонақүйлерде рейд жүргізді.
Миссия өкілдері қажылардың жағдайымен танысып, олармен емен-жарқын сұхбаттасты. Рейд жүргізу барысында дəрігердің жұмысы, жолбасшы (гид) мамандардың қызметі, қонақүйлерде санитарлық талаптардың сақталуы, қажыларға түсіндірме жұмыстардың жүргізілуі, діни рəсімдердің дұрыс орындалуы, азаматтардың денсаулығы, жол-көлік қауіпсіздігі, т.б. мəселелерге назар аударылды.

"Біздің басты мақсатымыз - діни рəсімдердің дұрыс орындалуын қадағалап, қажыларымыздың елге аман-есен оралуына көмектесу", -деп атап өтті Ғ.Жəдігерұлы.
Өз кезегінде ҚМДБ Шариғат жəне пəтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы қажылықтың хикметі жайлы уағыз айтты.
Кездесуден кейін ҚМДБ Аппарат басшысы қажылық компания жетекшілеріне тиісті тапсырмалар мен арнайы нұсқамалар берді.

Пікірлер