
«Ислам және отбасы жылы» аясында ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігімен Алматы облысы дін істері жөніндегі басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен «Анаға құрмет, қызға қамқорлық, жарға жанашырлық ... » атты тақырыпта жетісулық әйелдер жамағатына арналған тағылымды семинар өтті.
Әйелдер жамағаты жиылған рухани шарада ҚМДБ-на қарасты «Әйелдер-қыздар» секторының меңгерушісі, исламтанушы Тілегенова Ақбөпе Қанатқызы мен Астана қаласының сараптама және зерттеу орталығының атқарушы директоры, дінтанушы Мұстафина Толғанай Вагизқызы қатысып, тәрбиелік-танымдық уағыз-насихат айтты.
Қазіргі заманның ағымына сай мұсылман әйел парасатты, кішіпейіл, мейірімді, білімді, отансүйгіш, бауырмал болу керектігі туралы ұтымды ойлар айтылды. Рухани кездесудің соңы сұрақ-жауапқа ұласты.
Пікірлер