
Қазақстан Қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Бауыржан қажы Есмахан Мекке қаласында қажылар орналасқан қонақүйлерді аралап, отандық компаниялардың жұмысымен танысты.
Қажылық миссиясының өкілдері қонақүйлердегі тазалық, медициналық қызмет, уағыз-насихат, түсіндіру шараларын жүргізу, тасымал, т.б. мəселелерге назар аударды.
Қажылық компаниясының жетекшілері миссия өкілдеріне мүфтият тарапынан қойылған тиісті талаптардың орындалып жатқанын мəлімдеді.
"Біздің басты мақсатымыз - жерлестеріміздің қажылық рəсімдерін дұрыс атқаруына көмектесу, қызмет сапасын көтеру, мүфтият пен Қажылық министрлігінің қойған талаптарының орындалуын қадағалау. Осы бағытта баршамыз өзара ықпалдасып қызмет етуіміз керек",-деп атап өтті Бауыржан Əбдірашұлы.
Айта кетейік,бүгінгі таңда қазақстандық 3000 қажы Сауд Арабиясына толық жетті. Оларға отандық 18 қажылық компаниясы қызмет көрсетуде.
Пікірлер