
Бүгін «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде өткен «Әдемі әуезді азаншы» атты ІІІ республикалық азаншылар жарысына атыраулық кәсіпкер демеушілік етті.
«МАКО» ЖШС-нің директоры Құлғазиев Келбатыр мырза жарысты жанұясымен бірге тамашалауға арнайы келді. Игі істің сауабы оның марқұм ұлы Саламат Келбатырұлының рухына бағышталды. Алла бауырымызды өз рақымына бөлегей.
Өкіл имам Төлеби Оспан Келбатыр Қайырұлына барша мұсылман жамағаты атынан алғыс білдірді. Мешіттің он жылдық мерейтойына арналған шараның өз мәнінде өтуіне атсалысқандығына ризашылығын жеткізіп, естелік сый табыстады. Мешіт ақсақалы Ниетжан ата иығына шапан жауып, қазақы дәстүрмен сый-құрмет көрсетті.
Пікірлер