
Бүгін, Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Өңірлік коммуникациялар қызметі» орталығында қасиетті Құрбан айт мерекесіне байланысты БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.
Брифингке ҚМДБ-ның төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфтиі, Түркістан қаласы бойынша кеңсе басшысы Наурызбай Тағанұлы Өтпенов, ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы, мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов қатысып, БАҚ өкілдеріне сұқбат берді.
«Биыл 21 тамызда таңғы сағат 7:00-де Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша ҚМДБ-ның өкілдігіне қарасты барлық мешіттерде Айт намазы оқылады. Құрбандық шалу уақыты Құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін басталып, айттың үшінші күніне дейін жалғасады»,- деді наиб мүфти Наурызбай қажы Өтпенов.
Өкіл имам Бақтыбай Бейсенбаев өңірде халал стандарттарына сәйкес мал сою бекеттері ашылғанын, Шымкент қаласының өзінде 5 мал сою бекеті қызмет көрсететінін айтты.
«Мешіттерде «Құрбандық етін мұқтаж жандармен бөліс» атты қайырымдылық шарасы өтеді. Осыған қатысуға шақырамыз. Арнайы мал сою бекеттерінде білікті қасапшылар жұмыс істейді», - деді Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай Қыдырбайұлы.
Пікірлер