Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Астанада құрбандық шалуға арналған арнайы орындар анықталды
16 тамыз, 2018 жыл 192 Басып шығару нұсқасы

Құрбан айт - Рамазан айынан соң 70 күннен кейін атап өтілетін, қажылық сапарының аяқталу мейрамы.

Елордалықтар қай жерлерде құрбандық шала алатыны белгілі болды. Құрбан айт - Рамазан айынан соң 70 күннен кейін атап өтілетін, қажылық сапарының аяқталу мейрамы. Әлемнің барша мұсылмандары Құрбан айт мейрамын жыл сайын атап өтеді, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Құрбан айт мейрамын атап өту осы жылдың 21 тамызы күні елорданың барлық 9 мешітінде мерекелік Айт намазынан (басталуы сағат 7:00) бастау алады. 23 тамызға дейін елордада құрбандық шалу ұйымдастырылады. Қазіргі таңда Астана қаласында негізгі құрбандық шалу орындары бекітілді:

Алматы ауданы: "Метро" сауда үйі (Астана-Қарағанды т/ж)

Байқоңыр ауданы: "Нұрбереке-555" ЖШС, Алаш шоссесі, 30 ("Көк Базар" базарының арты), "Есжанова А" ЖК, "Жайлау", Алаш шоссесі, Ц 313 көшесі, "Шаушен" ШҚ, "Астана-Павлодар" т/ж, 9 км, "Темеш" ШҚ, Астана – Софиевка т/ж 7 км

Есіл ауданы: "Алтын-Таға" базары, Қосшы кентінің маңы

Сарыарқа ауданы: "Ұлжан" әмбебап базары, (бұрынғы "Саянұр" базары)

Сонымен қатар, "Құрбан айт" мерекесін атап өту күндері халыққа құрбандық шалу және тағы басқа өзекті мәселелер бойынша ақпараттандыру үшін тәулік бойы "2288" Call-center жұмыс жасайды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2018 жылы Құрбан айт мерекесі тамыз айының 21-і күні басталатынын ресми түрде мәлімдеді. Биыл мұсылман күнтізбесі бойынша зүл-хиджа айының бірінші күні тамыздың 12-не, ал Арапа күні 20 тамызға сәйкес келеді.

Құрбандық малын айт намазынан кейін айттың үшінші күні күн батқанға дейін шалуға болады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары