
«Көктау» жазғы лагерінде демалып жатқан «Үміт» балалар үйінің 250 баласына ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінің тарапынан қайырымдылық көретілді. Шараға Өскемен қаласындағы мешіттер ат салысты.
«Қолдан келгенше қайырымдылық жасау мұсылманға парыз іс. Бүгін жазғы табиғат аясында демалып жатқан 250-дей балаға дастархан жайып, қайырымдылық жасалды. Бұл Құрбан айт мейрамының алдындағы ауқымды шара болып отыр»,- деп атап өтті ұйымдастырушылар атынан сөз сөйлеген Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Зауатбек Сайлауұлы.
«Көктау» лагерінің басшылығы өкілдікке алғыстарын білдіріп, бұл шараның шын мәнісіндегі балалардың жүрегіне жол тапқан іс болғандығын атап өтті.
Пікірлер