Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
АҚТӨБЕДЕ АЗАНШЫЛАР ЖАРЫСЫ БАСТАЛДЫ
16 тамыз, 2018 жыл 186 Басып шығару нұсқасы

Бүгін «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде «ӘДЕМІ ӘУЕЗДІ АЗАНШЫ» атты ІІІ Республикалық азаншылар жарысының жалауы қайта желбіреді. Мешіттің 10 жылдық мерейтойына арналған байқауға еліміздің әр облысы мен ірі қалалардан 19 діни қызметкер қатысуда. Оның 8-і азаншы болса, 2 бас имам, 6 наиб имам және 3 мешіт ұстазы.

Жарысқа ҚМДБ-ның «Насихат және қоғаммен байналыс» бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы, «Қауам ад-Дин әл-Итқани әл-Фараби әт-Түркістани» республикалық қарилар дайындау орталығының директоры Садуақас қари Олжабай, ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Оспан Төлеби Дәділұлы, І-ІІ Республикалық азаншылар жарысының жеңімпазы, Маңғыстау облыстық орталық мешітінің азаншысы Әли қари Қазақ және «Жігіттер» квартетінің әншісі Айдар Тұрғамбек төрелік етуде.

Бәйгенің жалпы жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайды. Соның ішінде, Бас жүлде иеленген жеңімпазға 1 000 000 теңге бұйырмақ.

Байқау әлі жалғасуда. Жеңімпаздың аты бірер сағаттан соң белгілі болады. Жарыстың демеушісі - Атырау қаласының тумасы, «МАКО» ЖШС-нің директоры Құлғазы Келбатыр Қайырұлы.

Естеріңізге сала кетейік, республикалық дода бұған дейін 2 мәрте өткізілген болатын. Алғаш рет 2009 жылы Астана қаласында ұйымдастырылып, 2014 жылы Алматы қаласында жалғасын тапты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары