
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Маңғыстау облысына қарасты қала, аудан, ауыл имамдары басқосты.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2018 жылы Құрбан айт мерекесі тамыз айының 21-і күні басталатынын хабарлады. Осыған орай өкіл имам Смайыл Сейтбеков атқарылатын негізгі шараларға тоқталып, мешітке келушілерге бар мүмкіндікті жасап, айтулы мерекені жоғары деңгейде атап өтуді тапсырды. Бірінші кезекте мал соятын орынның дұрыс болуы, ондағы тазалыққа мән беру керектігін тілге тиек етті. Мүмкіндігінше айттық дастархандарын жайып, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырып, жамағатты ауызбіршілікке шақыратын игі шаралар атқару қажеттігіне де тоқталды.
Имамдар басқосу соңында ел тыныштығы үшін дұға жасады.
Пікірлер