Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қазақстандық мұқтаж балаларға ішінде мектеп құралдары бар сөмкелер беріледі
14 тамыз, 2018 жыл 153 Басып шығару нұсқасы

Қазақстанда мұқтаж балаларға ішінде мектеп құралдары бар сөмкелер таратылады. "Уақып" қайырымдылық қоры Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен және UMMET, "Харекет" қайырымдылық қорларымен бірлесіп, жаппай қайырымдылық пен демеушілерді тарта отырып, "Мектеп сөмкесі" қайырымдылық акциясын өткізеді, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Акция 18-26 тамыз аралығында өтеді

"Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, мүгедек балаларға және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға мектеп сөмкелері мен қажетті құрал-жарақтарын тапсыру бойынша жаппай қайырымдылық шаралары, барлық облыстарда, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ҚМДБ мешіттерінде, сауда және ойын-сауық орталықтарында өтеді", - делінген хабарламада.

Қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, "Уақып" қазақстандық қоры жаппай қайырымдылық пен демеушілерді тарта отырып, оқу құралдарымен толтырылған 2000 сөмке сатып алды. Қор ниет білдірген азаматтарды балаларға сөмке және оқу құралдарын алу үшін "Мектеп сөмкесі" акциясына қосылуға шақырады.

Айта кетейік, "Уақып" қорының қызметі коммерциялық емес қайырымдылық ұйым ретінде әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға, діни радикализмнің алдын алуға, білім-ағартушылық шараларды жүргізуге, сонымен қатар, діни бірлестік қызметкерлерлері жұмысының тиімділігін көтеру және діни мекемелердің қызметін қолдауға бағытталады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары