Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
АЛМАТЫ: БАС ИМАМ ҚАЖЫЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
13 тамыз, 2018 жыл 116 Басып шығару нұсқасы

Бүгін, Алматы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек Шохаев қасиетті қажылық сапарына аттанып бара жатқан бір топ қажылармен жүздесіп, оларға сәт сапар тіледі.

Бұл жүздесуде бас имам қажыларды қасиетті «зүл-хижжа» айымен құттықтап, осы айда атқарылатын негізгі құлшылық түрлерімен таныстырды. Соның ішінде, қажылық ғибадатының орындалу тәртіптері мен әдептеріне ерекше тоқталды.

Бас имам одан әрі «Ихрам кию», «Арафатта тұру», «Ифада тауабын жасау» сынды қажылықтың парыз амалдарын түсіндіріп, бұлардың бірін тастап немесе орындамаған жағдайда қажылықтың дұрыс болмайтынын ескертті. Сондай-ақ, қажылықта жасалатын уәжіп, сүннет сынды басқа да амалдарға көңіл бөлу керектігін айтты.

Сөз соңында бас имам қажыларға:

«Қазір біз сіздерге ақ жол тілеп қажылық сапарына шығарып салып жатсақ, ертең-ақ қажылық сапарын өтеп келген сіздерден біз дұға дәмететін боламыз. Алла Тағала бізді сол күндерге жеткізсін. Осы сапарда ел-жұртымызға талмай дұға етіңіздер. Ниеттеріңіз қабыл болсын!», – деп өзінің жүрекжарды лебізін білдірді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары