
Ақжайық өңіріндегі облыстық орталық мешітте қажыларды қасиетті қала – Меккеге шығарып салу рәсімі өтті.
Орал орталық мешітінің наиб имамы Самат Қанатқалиұлы сапарға аттанушыларға қажылықтың асыл дініміздегі мән-маңызын баяндап, көкейкесті сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, қасиетті сапарларына сәттілік тілеп, қажылықты өтеу кезінде қазақ жерінің болашағы үшін дұға жасауларын сұрады.
Мұсылман қауымы үшін Исламның бес парызының бірі — қажылыққа бару болса, осы жылы қасиетті орынға құлшылық етуге елімізде Батыс Қазақстан облысынан жиырма азамат аттанады. Солардың ішінде «Қызыл» мешіттің наиб имамы Серік Мұстафин, Шыңғырлау аудандық мешітінің бас имамы Ерденбек Ихсанов бар.
Облыстық орталық мешітінің наиб имамы Самат Алибаев барлық болашақ қажыларға тілегін айтып, батасын берді.
Пікірлер