Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МҮФТИ АЛМАТЫ ЖАМАҒАТЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)
10 тамыз, 2018 жыл 149 Басып шығару нұсқасы
Бүгін, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазрет Алматы Орталық мешітінде «Қажылықтың хикметтері» тақырыбында жұма уағызын айтты.
Бас мүфти: «Исламның бес тірегінің бірі болған қажылық – Алланың құлдарына берген жақсылықтарға толы зор мүмкіншілігі. Тілдік тұрғыда «ұлық тұтқан нәрсеге талпыну», «ниеттену», «оны мақсат тұту» сынды мәнді білдіретін бұл ғибадат түрі адам баласын ұлы Аллаға жетелейтін, ниетін тек бір Аллаға бағыттап, Оның ғана разылығын мақсат тұттыратын қасиетті құлшылық болып табылады. Сондықтан балиғатқа толған, ақыл-есі бүтін, әлеуеттік мүмкіндігі келіп тұрған әрбір мұсылман баласы, Алланың парыз еткен қажылық сапарын өтеп қайтқаны абзал», – деп сауабы мол ізгі амалға шақырып, мешіт жамағатына рухани нәрлі, жанға азық болатын мәні терең сөздерін жеткізді.
Одан әрі Серікбай қажы хазрет өз ойын қажылыққа қатысты аят-хадистермен сабақтап, қажылықтың сегіз түрлі даналығына жеке-жеке тоқталды. Мұнымен қоса, қажылықтың қабыл болуы үшін адамның ниетінен бөлек, құлшылық амалдарын қатаң сақтау керектігін де қатаң ескертті. Қажылықтан кейінгі адамның жағдайын айтып, қабыл болған құлшылықтың пайдасымен бөлісті. Сөз соңында, күні кеше қасиетті Мекке жеріне аттанған қажыларымыздың сапарына мешіт жамағатымен тағы да бір сәттілік тілеп,  дұға етті.
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
      
 
 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары