Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қазақстандықтардың алғашқы легі қажылыққа аттанды (ФОТО+ВИДЕО)
09 тамыз, 2018 жыл 204 Басып шығару нұсқасы

Қазақстандықтардың алғашқы легі қажылыққа аттанды. Алматы әуежайынан қасиетті мекенге жолға шығуға жиналған 300 адаммен Бас мүфти Серікбай қажы Ораз жүздесіп, оларға сәт сапар тіледі. 

Бас мүфти: «Бәрімізге белгілі, қажылық дегеніміз – Исламның бес парызының бірі, әрбір мұсылманның мол сауапқа кенеліп, Алланың ризалығына бөленетін қасиетті құлшылығы. Сондықтан да бізді осындай бейбіт күнге жеткізіп, алаңсыз ғибадат етуге мүмкіндік берген Алла Тағалаға сансыз шүкірліктер айтамыз! Қажыларымыздың ниеттері қабыл, мұраттары асыл болғай! – деп қажыларға өзінің жүрекжарды сөзін жеткізді. 

Алматы әуежайының алаңында өткен жүздесудің ажарын ашып, рухани тәлім-тәрбиесін арттыруға ақындарымыз да өз үлестерін қосты. Елімізге танымал айтыскер ақынымыз Қанат Мырзахан «Қажыларға арнау» өлеңін домбырада нақышына келтіріп орындаса, жас ақын Бауыржан Мырзақұл да өзінің «Қажыларға сәт сапар тілеу» атты жырын тарту етті.

Қажылық сапарына алғаш аттанған отандастарымыз да, өздерінің көңіл толқыныстарын жасыра алмай, ел-жұрттың амандығы мен тыныштығын тілеп, құлшылықтарына Алладан жеңілдік сұрады. Соның ішінде қажылыққа бара жатқан Шалабаев Жарылқасым ақсақал өзінің осы сапарға шығудағы ниетін білдіріп, келелі ойлары мен кеңестерін ортаға салды.

Биыл Сауд Арабия еліне Қазақстанның 4 қаласынан тікелей әуе рейстері қатынайды. Ал азаматтардың қажылық сапарын 18 компания ұйымдастырып отыр. Биыл Сауд Арабия корольдігі тарапынан Қазақстандық 3 мың адамға қажылық квотасы берілген болатын. Бүгінде қажылыққа аттанатын отандастармыздың барлығы діни сауат ашу курсынан өтіп үлгерді. Сондай-ақ, жат ағымның жетегінде кетпес үшін жерлестіріміздің жанында насихат тобы да жұмыс істемек.

Серікбай қажы Ораз:

18 компаниямыз Мекке қаласындағы 18 жерде орналаспастан, бір мөлтек ауданда, яғни бір-біріне жақын болған кварталдарда, жақын болған қонақ үйлерде орналасатын болады. Және биылдан бастап Қазақстан қажылары өзіміздің еліміздің көк туының түсіменен әр компанияның емес, Қазақстан қажыларын бірден менмұндалап сырттан өзін көрсетіп тұратындай киім үлгісінде біз бір ізділікке келтірдік.  

 

 


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары