Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Адам өмірден өткен соң әлеуметтік желідегі парақшасына не болады?
10 тамыз, 2018 жыл 185 Басып шығару нұсқасы

Интернетте өмірден озған адамдардың парақшалары толып жүр. Олар әлеуметтік желіде мәңгілікке сақтала ма, әлде уақыт өте жойыла ма? – осы сұраққа Hi-Tech Mail.ru басылымы жауап іздеп көрді. Авторлар марқұмдар туралы деректерге не болатынын, олардың кімге керектігін анықтады деп жазады sputniknews.kz.

Instagram

Бүкіл әлемде бұл әлеуметтік желіні 800 миллионнан астам адам пайдаланады.

 

"Қайтыс болған адамға тиесілі аккаунтты көріп қалсаңыз, ескерткіш статусын беру үшін бізге хабарласаңыз болады", — деп жазылған Instagram желісінің анықтамалығында. Ескерткіш статусын орнату оңай – әлеуметтік желі қызметкерлеріне дәйек ұсынсаңыз болды: қазанамаға немесе жаңалыққа сілтеме беруге болады.

 

Ескерткіш статусы берілген соң, ешкім марқұмның жеке бетіне кіре алмайды. Қайтыс болған адамның суреттеріндегі белгілер, лайктар – бәрі сол қалпы өзгеріссіз қалады. Оларды жою мүмкін емес. Парақша "консервіленіп", "Қызықты" бөлімінен жоғалып кетеді. Бірақ сырттай кәдімгі аккаунт болып көрінеді.

Сонымен бірге, аккаунтты жойғызуға болады – мұндай құқыққа парақша иесінің туыстары ие, олар марқұмның туу туралы және өлімі туралы куәліктері және парақша иесінің заңды өкілі немесе мұрагері екенін растайтын құжатымен бірге өтініш бере алады.

Facebook

Цукербергтің әлеуметтік желісінде де ережелер Instagram нормаларына ұқсайды. Бірақ тағы бір таңдау бар – парақшаның сақтаушысын белгілеу. Ол адам аккаунтты қадағалап, марқұмның атынан достарымен қоштасып, аватаркасын өзгерте алады. Бірақ жеке хаттарын оқып, достарын бұғаттауға хақы жоқ.

"ВКонтакте" және "Одноклассники"

"ВКонтакте" желісін айына 97 миллион адам пайдаланады. Оның қызметкерлері желіні "өлі" парақшалардан тазартпайды. Тек туыстарының бірі өтініш білдірсе ғана, қайтыс болған адамның аккаунтын жояды.

Туыстары марқұмның парақшасын жасырып қоя алады – мұндай жағдайда, аккаунты достары ғана көретін болады. Парақша соңғы рет кіргендегі қалпында "консервіленеді".

Жеке бетті кейде өшіруге де болады. Ол үшін қаза болған адамның туыстары өлім туралы куәлікті көрсетіп, "ВКонтакте" қызметкерлерінен парақшаны жоюды сұрауы керек.

 

"Одноклассники" желісінде де сондай тәртіп қалыптасқан. Парақшаны "консервілеп" тастаған соң, оған ешкім кіре алмайды.

 

Іздеу жүйелері

Әлеуметтік желілердегі парақшалар, аватаркаға қойған суреттер, өлең жолдары жазылған блогтар – мұның бәрін Google, Яндекс және басқа іздеу жүйелері арқылы оңай тауып алуға болады. Аты мен фамилиясын жазсаң болғаны.

Демек, барлық ақпарат іздеу жүйелерінің серверлерінде сақталады. Басқа ресурстардан жойылғанша, іздеу барысында шығып отырады, яғни, мәселен, "ВКонтакте" желісіндегі парақшаңызды өшіргеніңізше, іздеу жүйелері оп-оңай тауып алады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары