Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ОБЛЫСТЫҚ ҚАСАПШЫЛАР СЕМИНАРЫ
09 тамыз, 2018 жыл 112 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде аймақтағы қасапшыларды оқыту семинары өтті.

Семинарды  алғы сөзімен бастап берген өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы Құрбан айт мерекесі мен оған дайындық жұмыстарын жүргізуде қасапшыларды оқытудың маңыздылығы туралы түсіндірді.

Бұдан кейін, орталық мешіт найб имамы Р.Ешмахан құрбан шалудың үкімі мен сауабы, қасапшылардың жауаптылығы туралы айтса, ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» ЖШС-ның Қызылорда облысы бойынша жауапты өкілі П.Шарапатова халал стандарты талаптары бойынша мал бауыздау процесінің ережелері мен қасапшының міндеттерін талдап берді.

Семинар соңында,  облысқа қарасты қала және аудан мешіттерінде құрбан шалу рәсімін жүзеге асыруға бекітілген отыз шақты қасапшыларға нұсқаулық таратылды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары