Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ТҮРКІСТАНДА  АЙМАҚТЫҚ ДІНИ СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)
09 тамыз, 2018 жыл 148 Басып шығару нұсқасы

Бүгін, ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсесінде «Ер Түріктің бесігі – рухани жаңғырған Түркістан» атты аймақтық діни семинар өтті.

ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсесі тарапынан алғаш ұйымдастырылған семинарды ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай Тағанұлы ашып, жүргізіп отырды.

Семинарға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев, ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Атынбек Ұтысханұлы, ҚМДБ-ның Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов, дінтанушы-ғалым, профессор Досай Кенжетай, Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр Әлимұхаммедұлы Жұмабаев, Қызылорда  облысы бойынша өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы Абуов және Дін істері басқармалары мен дін мәселелерін зерттеу орталықтарының басшылары, республикаға белгілі дінтанушы-теологтар, «Шымкент», «Сарыағаш» медресе-колледждерінің басшылары, облыстағы мешіттердің имамдары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, сөз сөйледі.

Еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту, деструктивті діни ұйымдардың алдын алу мақсатында облыстық  жергілікті ақпараттық-насихат топтары (ЖАНТ) мүшелерінің біліктілігін көтеру, діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде сақтану шараларын жетілдіру, қоғамда кереғар ағымдарға қарсы тұратын бірыңғай иммунитет қалыптастыру - семинардың басты мақсаты болды.

Семинар барысында арнайы баяндамалар тыңдалып, қатысушылар алда атқарылатын жұмыстарын айқындап алды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары