
6-7 тамыз күндері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды қаласы «Әл-Машани» мешітінің бас имамы, РАНТ мүшесі, теолог Қабылбел Жұмабеков Павлодар облысы «Мәшһүр Жүсіп» мешіті, Екібастұз қалалық мешітінде болып, жамағатқа уағыз-насихат айтты.
Жамағат алдында сөз алған білікті дінтанушы бүгінгінің басты мәселесі болып отырған жат ағымдардың себеп-салдары жайында, теріс пиғылды діни ағымдар мен дәстүрлі діннің ара-жігін ажырата білу керектігін түсіндірдіре келе, жастардың кемел болашақтың кепілі екенін айтып, жас буынның көзі қарақты, ойы толысқан болуы әсте маңызды екенін жеткізді. Бұл жиында екі дүниенің сұлтаны болған – ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірінен мысал келтіре отыра, бүгінгі күннің өзекті мәселелерін тілге тиек етті.
Жиналған жамағат дін өкіліне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толғандырып жүрген сауалдарына жауап алды.
Пікірлер