Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Бас  имамның Бөрлі ауданына сапары
07 тамыз, 2018 жыл 147 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті жұмада ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов  арнайы іс-сапармен  Бөрлі ауданында болды.

Орал орталық мешітінің бас имамы Еркебұлан Ыбырайымұлы ең алдымен  жамағатпен жүздесіп, «Уақып  қызметінің маңызы» жайында уағыз айтып, жиналған қауымға жеткізді.

Содан кейін Бөрлі ауданы Ақсай қалалық мешітінде атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, мешіт ұжымына өзінің ризашылығын білдірді.

Аудандық мешіт бас имамы Еркебұлан Ыбрайымұлы құрметіне  ақ дастархан жайылып, жамағатқа уағыз насихат айтылды.

Осы сапарында имам аудан әкімі Санжар Жұматайұлымен кездесті. Жүздесу барысында өңірдегі діни-рухани саланың жалпы ахуалы, жас ұрпаққа ұлттық нақышта тәрбие берудің нақты жолдары әңгімеге арқау болды.

Кездесуден кейін өкіл имам аудандық мәдениет үйінде «Қазақ мұсылмандығы: Кеше және бүгін» тақырыбында  қоғам белсенділері мен  зиялы қауыммен кездесу өткізді.

Отырыста қоғамдағы діни жоралғылар мен рәсімдер турасында сөз қозғалды. Өкіл имам қатысушыларға «ҚМДБ жаназа және жерлеу рәсімдері» атты жаңа басылымдағы  кітабымен таныстырды. Мазмұнды кездесуден әсер алған  аға буын өкілдері облыстан арнайы ат басын бұрған дін қайраткеріне тағылымды әрі ұлағатты сөздері үшін дән ризашылықтарын білдірді.

Сондай-ақ Бөрлі аудандық аурухана қызметкерлерімен де кездесумен өз жағасын тапты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары