
ҚМДБ-ы 2018 жылды «Ислам және отбасы жылы» деп жариялап, осы бағытта имам-молдалар, дін және мешіт қызметшілерінің атқаратын іс-қызметтерінің бағытын айқындаған бағдарлама қабылдаған еді. Елімізде соңғы жылдары шаңырақ көтерген жастардың алдағы отбасылық өмірі бақытты да баянды болуы Тәуелсіз мемлкетіміздің гүлденіп көркеюінің бірден-бір кепілі болмақ.
ҚМДБ-нан бекітілген бағыт бойынша «Ислам және отбасы» жылы аясында Павлодар облысы өкілдігі өткен мерзімде біршама игі істер атқарып келеді. Сонымен қатар мешіт жанынан «Отбасы мәселелері бойынша кеңес беру орталығы» күнделікті жұмыс жасауда. «Мәшһүр Жүсіп» мешітіне неке қидыруға тізімделген жастарды өткен наурыз айынан бері әр аптаның бейсембі күні арнайы шақырып «Исламдағы отбасы», «Шариғат бойынша ері мен әйелінің бір-бірінінің алдындағы міндеттері мен құқықтары», «Отбасы жылулығы», «Ажырасу-Алла Тағаланың алдындағы ең жағымсыз амал» екендігі туралы көптеген тақырыптар бойынша уағыздар айтылып, ақыл-кеңестер беріліп келеді. Бұл іске мешіт имамдары мен ұстаздары белсене атсалысуда.
Осы аптаның бейсембі күні бұл шараны ҚМДБ-на қарасты облысымыздың бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы жүргізіп, жастарға үстіміздегі тақырыптарға толығымен тоқталып, ата-ананы құрметтеу, ер мен әйелдің өзара міндеттері, әке-шешенің балаларының алдындағы міндеттері сынды уағыздар айтып, жастардың қойған сұрақтарына жауап берді.
Жиын соныңда жастарға ақ бата тілеп:
Пікірлер