Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Өскеменде азаншылар жарысына іріктеу өтті (ФОТО)
06 тамыз, 2018 жыл 159 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде «Әдемі, әуезді азаншы-III» атты республикалық азаншылар жарысына өңір бойынша іріктеу сайысы болып өтті.

Жарыстың басында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Даулет Қабидолдин бүгінгі жарыстың аса тағылымды екендігін жеткізіп, азаның маңызына тоқталды. Ол өз сөзінде: «Адамның көңіл-күйі тұрақсыз болса азан тыңдаса жаны жай тауып тынышталатындығын ғалымдар әлдеқашан анықтаған. Асыл дінімізде азанды ерекше қадірлеп, азан даусы естілгенде басқа істі тоқтатып қойып, азанды тыңдаудың сауаптылығы зор екендігі айтылады» дей келе, азаншыларға сәттілік тіледі.

Іріктеу бәсекесіне облыстық мешітте дәріс беріп жатқан түркиялық ұстаздармен қоса облыстық, қалалық мешіттің имадары қазылық жасады. Бәсекеге Алланың асыл сөзі-азанды жаттаған 20-дан астам талапкерлер қатысып, мешітте азан даусы асқақтады.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етілді. Бас жүлдегер Хидиров Шодихан Ақтөбе қаласында өтетін «Әдемі, әуезді азаншы-III» атты республикалық азаншылар жарысына қатысуға жолдама алды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары