
ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Талшын Зарқымқызы Қарағанды облысының Жезқазған қаласында арнаулы шақырумен барып, «Ата салтым-асыл қазынам» атты тақырыпта семинар өткізді.
Шара «Дін мәселеерін зерттеу орталығының» қолдауымен жүзеге асып, оған өңір әйелдермен қыздар қауымы қатысты. Семинарда өскемендік ұстаз өзінің озық тәжірибелерін ортаға салып, жат ағымдармен күресте ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына сіңірудің маңыздылығы туралы тағылымды дәрістер өткізіп, өз іс тәжірибесімен бөлісті.
Талшын Зарқымқызы өз сөзінде: «Біз Өскеменде өңір бойынша өкілдіктен арнаулы жоспарлар жасап, қыздар мен әйелдерге дәстүрлі отбасылық тәрбиенің маңыздылығын түсіндіру, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту бағытында дәрістер өткізіп, шаралар ұйымдастыруды мақсат етіп, іске асырудамыз. «Әйел-қыздар» секторының басты мақсаты ұлттық құндылықтарды насихаттау» деп атап өтті.
Семинарға қатысушылар өскемендік ұстаз Т.Қожахметованың салт-дәстүрді насихаттаудағы тың тәсілдеріне, тағылымды дәрістерінің берері мол екендігін айтып, алғыс білдірді.
Пікірлер