Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
СЫР ИМАМДАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ АЛҚАЛЫ ЖИЫНЫ
06 тамыз, 2018 жыл 150 Басып шығару нұсқасы

Кеше ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде облыс имамдарының кезекті алқалы жиыны өтті.

Жиында өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы ҚМДб төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың тапсырмаларымен таныстырып, басты мәселелерге тоқталды.

Күн тәртібінде қаралған басты мәселелердің  бірі - жаңа оқу жылына дайындық маусымында «Бір баланы киіндір», «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акцияларына облыстық имамдардың үлес қосуы, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, көп балалы, жалғызбасты және қамқоршысынан айырылған аналарға барынша көмектесу.

Екінші мәселе, Қасиетті Құрбан айт мерекесіне дайындық жұмыстарын пысықтау болды. Осы орайда, ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» ЖШС-ның Қызылорда облысы бойынша жауапты өкілі П.Шарапатова мереке алдында облыстағы қасапханалардың талаптарға сай жабдықталуы мен қасапшылардың оқыту семинарынан өтуін қадағалауды тапсырды.

Өкіл имам мұсылмандардың ұлы мерекесі Құрбан айт мейрамының облыс көлемінде жоғары деңгейде аталып өтуін, құрбан шалу рәсімінің шариғат талаптарына сай орындалуын, еттерінің мұқтаждарға толығымен таратылуын тапсырды.

Бұдан кейін, орталық мешіттің наиб имамы Е.Сьезбек аймақ мешіттерінің құжаттарын заңдастыру, тіркеу жұмыстары туралы пысықтап, аяқталмаған жұмыстардың бітіруін тапсырды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары