Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ОБЛЫСТЫҚ АЗАНШЫЛАР ЖАРЫСЫ ӨТТІ
06 тамыз, 2018 жыл 177 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық  мешітінде облыстық азаншылар сайысы өтті.

Өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы алғы сөзінде азанның қадір-қасиеті мен азаншының дәрежесі туралы айтып, сайыскерлерге сәттілік тіледі.

Мешіт қызметкерлері арасында өткізілген сайыста үміткерлерге қойылатын басты талаптар: азанды толық жатқа айту, махраджының дұрыс болуы, тәжуид ережелерінің сақталуы, дұғаларын білуі және қосымша сұрақтарға жауап бере алуы керек.

Аймақ мешіттерінен жиналған азаншылар  арасынан Ақтөбе қаласында өтетін ІІІ республикалық «Әдемі әуезді азаншы» сайысына облыс атынан қатысып, Сыр өңірінің абыройын қорғайтын үміткер іріктеп алынды.

Сайыс шарттарын ескере отырып шешім шығарған әділқазылар алқасының қорытындысы бойынша Саламатов Бахтияр ІІ-орын (30 000 тг), Қожаназаров Асқар ІІІ-орын (20 000 тг) иеленіп, қаржылай сыйақылармен марапатталса, І-орын жүлдегері (50 000 тг) Садуов Шыңғыс деп танылып, ІІІ республикалық азаншылар жарысына қатысушы үміткер ретінде жолдама алды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары