Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
КЕҢҚИЯҚТА СЫЙЫМДЫЛЫҒЫ 1000 АДАМДЫҚ МЕШІТ ТҰРҒЫЗЫЛУДА
06 тамыз, 2018 жыл 239 Басып шығару нұсқасы

Темір ауданына қарасты Кеңқияқ ауылында сыйымдылығы 1000 адамдық алғашқы мешіт тұрғызылуда. Бұған дейін ауылда мешіт болған емес. Жергілікті жамағат жұма намаздарына Саркөл және Шұбарши ауылдық мешіттеріне қатынайтын.

Бүгінде мешіттің екінші қабаты қалануда. Ғимараттың сырты қызыл кірпішпен қапталып, құрылыс қызу жүруде. Мешіт салуға демеушілік етуші кәсіпкер азаматтар жуырда осында ауыл халқына ас берді. Ауыл тұрғындары қайырымды жандарға алғысын жаудырып, ақсақалдар игі істің сәтті аяқталуын тілеп, бата берді. 

Кеңқияқтағы намазхан жамағаттың саны 100-ден асып жығылады. Алла қаласа, Кеңқияқтағы алғаш салынған мешітте азан шақырылып, ауыл азаматтары бір сапта тұрып намаз оқитын күн де алыс емес. Құлшылық үйін тұрғызушы қайырымды жандардың Алла сауабын еселеп, жәннаттан жай бұйыртқай!

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары