Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Психология ғылымдарының PhD Докторы Әлия Төлегенова ақтөбелік әйел жамағатымен жұмысын бастады
06 тамыз, 2018 жыл 219 Басып шығару нұсқасы

«Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы, психолог Әлия Төлегенова ақтөбелік әйел жамағатымен жұмысын бастады. Қалалық әйелдерге арналған діни сауат ашу орталығында біқатар кездесулер өткізілді.

Күннің алғашқы бөлігінде психолог қала мешіттеріндегі әйел ұстаздарға арналған семинар-тренинг өткізді. Онда адам психикасының табиғаты, сана мен бейсана ұғымдары, тұлға болып қалыптасудағы қадамдар туралы айтылды. Адам бойында кездесетін басты алты эмоцияны анықтау және оны көрсету әдістері үйретілді. Бастысы – эмоцияның неден туындағанын дұрыс анықтай білудің маңызды екендігі түсіндірілді.

Сондай-ақ, психолог маман орталыққа келуші әйел жамағатымен жұмыс жасауға қажетті кеңестер берді. Адаммен ортақ тіл табысып, түсінісе қарым-қатынас жасау үшін қажетті іс-әрекеттерге тоқталып, пікірлесу кезінде тыныс алу ырғақтығының үйлесімділігін сақтау, дауыс ырғағын реттеу, ым-ишараларды ретті пайдалану керектігін тілге тиек етті. Қатысушылармен тренингтер өткізілді.

Бұдан кейін жалпы әйел жамағатымен кездесу өткізілді. Топтық жұмыстар жүргізіліп, адам бойындағы реніш, өкпе секілді сезімдерді реттей білу, оның күйзеліске әкеп соқтыруына жол бермеу керектігі айтылды. Кешірімділік қасиетті тәрбиелеудің, сезімдерді іште тұншықтырмаудың маңыздылығы түсіндірілді. Тақырыпқа сәйкес слайдтық материалдар ұсынылды. Жаттығулар мен әр түрлі тренингтер жасалды.

Қатысушылар әр түрлі өмірлік жағдаяттарға байланысты сауалдарын жолдап, маман кеңесіне жүгінді. Топ жұмысы ертең де жалғасын табады. Семинар соңында өкіл имамның қолдауымен «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде түскі ас берілді. 

Бүгін жұма намазынан кейін психолог «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде «Әйел психологиясындағы өзекті мәселелер» тақырыбында семинар-тренинг өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, 3-7 тамыз аралығында жалғасатын семинар "Жарық" ақпараттық-консультативтік орталығының ұйымдастыруымен және облыстық дін істері басқармасы, "Нұр Ғасыр" облыстық орталық мешітінің қолдауымен өткізілуіде. 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары