Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Адамгершілік - рухани тәрбиенің мәйегі
03 тамыз, 2018 жыл 134 Басып шығару нұсқасы

Талдықорған қаласының «Жас Отан» жастар қанаты және Талдықорған өңірі, орталық «Иман» мешітінің жастар секторы бірлесе отырып, Алматы облысының жастар ресурстық орталығының коворкинг залында "Адамгершілік - рухани тәрбиенің мәйегі" атты тақырыпта жастармен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі бағыты жастар болды. Қазақ жастарының мақсаты білім алып, өмір сүру деңгейін арттыру, экономиканы дамытып, азаматтық қоғамды қалыптастыру, рухани ұлт тәрбиелеу және қоғамға пайдалы нәрсемен айналысу. Десекте, осы тұрғыда діннен алшақтамай, осының барлығын дінмен ұштастыра білу жолдарын тілге тиек еткен Талдықорған өңірі бойынша орталық «Иман» мешітінің наиб имамы Шынарбек Өкен ұстазымыздың айтары көп болды. «Ақыл», «Қайрат»,«Жүрек» үшеуі біріксе рухани бұғаудан босап, кемелді болашаққа бастар жастар жолының айшықталатынын да алға тартты. Аталмыш шарада жастар тәрбиесінің маңыздылығы жайында көптеген сұрақтар қойылып, өзекті мәселелер орта салынды. Берері мен алары көп болған ашық әңгіме алаңында жауапсыз қалған сұрақ болмады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары