Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ТАУГҮЛ МЕШІТІНДЕ 1 АЙ БІЛІМ АЛҒАН ШӘКІРТТЕР САМОКАТ ҰТЫП АЛДЫ
02 тамыз, 2018 жыл 136 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Алматы қалалық «Таугүл-3» мешітінде сауат ашу курсына қатысып, бір ай діни білім, рухани тәрбие алған шәкірттерге салтанатты рәсіммен сертификат және бағалы сыйлықтар табысталды.  Игі шараға бас имам Камалжан Тұрдыбаев қатысып, шәкірттерге батасын берді.

Камалжан Тұрдыбаев рухани тәрбие алып, діни көзқарасы қалыптасқан мәдениетті де, білімді ұрпақ елдің болашағы, қоғамның тірегі болатынын айта келе, балаларын сауат ашу курсына берген ата-аналарға алғысын білдірді.

«Мемлекетіміздің күш-қуатының артып, халқымыздың әл-ауқатының жақсаруы, мәдениетіміздің өсіп, дүние жүзіндегі елдердің алдыңғы сапында жүруіміз үшін де оған дені сау, білімді және мәдениетті ұрпақ керек. Сіздердің араларыңыздан болашақта елге тұқа болар азаматтар мен елге пайдасы тиер ғалымдар шығатынына сенемін. Алла Тағала елімізге ынтымақ, береке берсін», – деді бас имам.

«Таугүл-3» мешітінде 1 ай бойы Құран, сира, әдеп бағдарламасы бойынша білім алған 30 шәкірт арасында алғырлығымен көзге түсіп, үздік бітірген шәкірттер де бар.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары