Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Кезекті зағип жандарға арналған Брайл курсы өз мәресіне жетті
31 шілде, 2018 жыл 185 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ - ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлының ұйытқы болуымен, Семей қалалық «Шәкәрім қажы» мешітінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған зағип жандарға арналған Брайль араб курсы өз мәресіне жетті. Аталмыш курс, үздіксіз әр жыл сайын ұйымдастырылуда. Курсқа Ақтау, Павлодар, Қарағанды, Алматы, Шымкент, Түркістан елді мекенінен әр түрлі жастағы шәкірттер Брайль харпімен Брайль Құранды оқуға мүмкіншілік алуда.

Оқу құралдары, яғни Брайль араб әліппесі, Брайль Құран кітабы Малайзия елінен жеткізілген болатын. Шәкірттер аталмыш оқу құралдарын оқуларына пайдалануда.  Дәрісті, Семей орталық мешітінің ұстазы Асқар Барлыбайұлы жүргізді.

Өз мүмкіншіліктерін шыңдап, жігерлерін нығайта білген шәкірттер, араб Брайль әліпбиін бітіргеннен кейін қолдарына Брайль харпімен жасалған Құрандарды сыйлыққа алып, Құранның басқа да бөліктерін жаттауға мүмкіншілік алды. Қатарынан үш жыл Семей өңіріне ілім талап етіп келіп жүрген шәкірттердің алды екі пара Құранды жаттап үлгерді.

Сабақтан тыс уақытта тәлім алушы шәкірттер қаланың көрікті де тарихи орындарымен танысып, қазақтың маңдайына біткен  «Абай», «Шәкәрімдей» ұлы тұлғалардың басына барып, Құран бағыштады.

Курстың соңында жан-жақтан келген шәкірттер қимастықпен қоштасып, аталмыш курсты ұйымдасуына ұйытқы болған жандарға жүрек жарды лебіздерін айтып, осындай шаралардың жиі-жиі жалғасын тапса екен деген ойларын жеткізді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары