Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Алатау етегінде әуелеген азан үні
31 шілде, 2018 жыл 154 Басып шығару нұсқасы

Кеше Алматы қаласы орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматы қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында өтетін «Әдемі әуезді азаншы» ІІІ Республикалық азаншылар жарысына Алматы қаласы бойынша іріктеу жарысы өткізілді. Аталмыш сайысқа қаланың әрбір мешіттерінің азаншылары қатыстырылып, олардың азан айту кезіндегі дауыс ырғағы, әуені, әріптерді дұрыс шығаруы, тыныс алуды реттеуі секілді жан-жақты сыннан өтіп, арнайы мамандар бағалады. Үміткерлерді әділдікпен іріктеген әділ қазылар Алматы қаласы Орталық мешітінің наиб имамы Ерсін қари Бекайдарұлы, «Нұр-Мүбарак» университетінің докторанты, аға оқытушы Оралхан Рахматбекұлы, Алматы қаласы Орталық мешітінің наиб имамы Қасым Абдумажитұлы, «Жігіттер» квартетінің әншісі Ердос Әмзеханұлы.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Еркінбек қари Керімбекұлы қатысып, үміткерлер мен жамағатқа азан айтудың мәртебесі, сыйы туралы сөз қозғап:

«Азан айту арқылы мүмін адам Алла Тағаланың алдында биік дәрежеге қол жеткізе алады. Оған Ардақты Алла Елшісінің ﷺ мына хадисі дәлел: «Кімде кім жеті жыл үздіксіз сауап үмітімен азан айтса, оған тозақ отынан азаттық беріледі, ал он екі жыл азан айтса, оған жәннат уәжіп болады», ­- деген», - деп жамағаттың азан айтуға ұмтылыстарын арттырды.

 

Сайыс жеңімпаздары:

 

І орын ЖОЛДАМА – Жұмалиев Сұлтан («Бәйкен» мешітінің азаншысы. 50 000 теңге).

 

ІІ орын – Ахметов Серік (Алматы қаласы орталық мешітінің азаншысы. 30 000 теңге).

 

ІІІ орын – Жайсанбеков Бақыт («Әл-Хамид» мешітінің азаншысы. 20 000 теңге).

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары