Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Шәкірттерге арналған спорттық шара
31 шілде, 2018 жыл 149 Басып шығару нұсқасы

Орал орталық мешітінің ұстазы Ринад Акимовтың ұйымдастыруымен Атырау  «Жас өрендері» қоғамдық қайырымдылық қорының қолдауымен аталмыш мешіттің сауат ашу курсының шәкірттері мен балғын сәбилер  табиғат аясына шығып, бір күндік спорттық шара өтті.

Мешіттің білімді шәкірттері Теректі ауданы, Подстепное ауылындағы  «Ақжол» саяжай жағасында спорттық шараларға белсенділік танытты. Табиғат аясындағы спорттық шараға облыстық орталық мешітінің бас  имамы Еркебұлан Қарақұлов арнайы қатысып, «Ауызбіршілік» жайында уағыз айтып, бірлесе еңбек етуге, білім алуға шақырды.

Келген қауым бас имам Еркебұлан Ыбырайымұлы мен орталық мешітінің ұстазы Ринад Акимовқа ойландырып жүрген  сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптарын алды.

Жалынды жастар гір тасын көтеріп,  топ болып  арқан тартысып, шараны қыздыра түсті.

Шара соңында   жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары